Ілеспелі аудит қызметтері

Салық есебінің аудиті (салықтық аудит)

Салықтық аудиттің объектісі экономикалық субъектінің бухгалтерлік және салықтық есебі болып табылады, сонымен қатар салықтық регистрлар, келісім – шарттар және басқа құжаттар.

Салықтық аудит 3 негізгі мақсатты көздейді:

  • Төленуге тиісті салық мөлшерін есептеудің дұрыстығын анықтау;
  • Салық және жинау бойынша заң актілерін бұзуға байланысты айыппұл санкциясы мен талап қою мүмкіндігін ескерту;
  • Клиенттер басшылығына мекеме – клиентке салық салуды әрі қарай ұтымды жүргізудің ақпаратын ұсыну.

Салықтық аудитті жүргізу кезінде келесі мақсат іске асырылады:

  • Салықтық аудит міндеттемесінің есептелінген және төленетін салық заңы нормаларына сәйкестігі;
  • Салық салудың ұтымдылығын арттыру және жоспарлау;
  • Қаржылық – шаруашылық қызметті іске асыру кезеңіндегі салық салу мәселесін диагностикалау;
  • Салық төлемдерін есептеу методикасына анализ жасау және бірлескен құрылым мен контрагенттермен құқылық қатынасын ескере отырып салықты жеңілдетуді пайдалану;
  • Декларация құрастырудың және клиенттің төленетін салықтық барлық немесе жекелеген түрлерін есептеудегі дұрыстығын тексеру.

Осы жағдайда салықтық аудит кезінде бағаланады:

  • Экономикалық субъектінің салықтық есеп жүргізуінің құжаттар және ҚР-сы салықтық есеп құрастыру мен салықтық есептеуді жүргізуді реттейтін тәртіптің нормативтік актілеріне сәйкестігі;
  • Экономикалық субъектінің салықтық есебінің бастапқы есеп алу көрсеткіштеріне және аудиторлық ұйымының тексеру барысындағы субъект қызметі туралы мәліметтеріне сәйкестігі;
  • Салықтық есептеуде табылған бұрмалаушылықтың қаржылық зардабы және оны жоюдың жолдары;
  • Субъект қолданған салықтық есепке алу методикасына өзгерістер енгізу кажеттігі.