Компания туралы

Аудиторлық ұйым «Ар-Аудит» ЖШС 1999 жылы құрылған. Ұйым өз кәсіби қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырып келеді. Мемлекеттік лицензия № 0000020 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен 27.12.1999 ж. берілген.

«Ар-Аудит» ЖШС – «Қазақстан Республикасының Аудиторлар Палатасы» Кәсіби Аудиторлық Ұйымының, сонымен қатар Қазақстанның салық төлеушілер Ассоциациясының мүшесі және халықаралық аудиторлық және консалтингтік желілердің қауымдастырылған мүшесі.

Біздің мамандардың лайықты біліктілігі мен клиенттердің бізге деген сенімінің арқасында аудиторлық ұйымның қызметі тек қана бір аймақпен шектеліп қалмады. «Ар-Аудит» ЖШС филиалдары мен өкілдіктері Қазақстанның көптеген қалаларында тіркелген. Басты кеңсе Астана қаласында орналасқан. Аудиторлық ұйымның негізгі мамандар құрамы аудиторлық біліктілік сертификаттары, сондай-ақ халықаралық сертификаттары және CPA, CIPA, ACCA дипломдары бар бас мамандардан құралған. Компанияның құрамында көп жылдық тәжірибесі бар және аудит және консалтингтік қызмет саласында жеткілікті мол тәжірибелі білікті мамандар жұмыс істейді.

Сыртқы сапа бақылауының нәтижелері бойынша «Ар-Аудит» ЖШС өзінің қызметін аудит жөніндегі халықаралық стандарттар мен Кəсіби Бухгалтерлер Кодексінің талаптарына сəйкестігін үнемі растап келеді.

Бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келетін рейтингтердің нәтижелері бойынша «Ар-Аудит» ЖШС 7-8-ші орындарды иеленіп келеді және Қазақстандағы жетекші аудиторлық топтардың тізіміне енген.

«Ар-Аудит» ЖШС аудиторлық қызметінің кәсіби жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандырылған.

«Ар-Аудит» ЖШС «Қазақстан қор биржасы» АҚ мойындаған аудиторлық ұйымдардың тізіміне енгізілді. Жиырма жыл мерзім ішінде аудиторлық қызметін атқару барысында «Ар-Аудит» ЖШС қазақстандық экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін шағын, орта және ірі бизнес өкілдеріне пайдалы, тиімді артықшылықтар әкелетін табысты тәжірибе жинақтады.

Аудит пен аудитке ілесетін қызметтердің негізгі түрлері:

  • Қаржы есептемесінің сенімділігіне аудитрлік тексеру жүргізу (міндетті және белсенді);
  • Арнайы аудит, аудиттік сипаттағы келісілген рәсімдер мен шолу;
  • Салық есептемесінің аудиті;
  • Қаржы-шаруашылық қызметтің жекелеген аспектілеріне аудитрлік тексеру жүргізу;
  • Салық салу және бухгалтерлік есеп бойынша кеңестер;
  • Табиғи монополия субъектілеріне арналған қаржылық сараптама;
  • Қаржылық талдау, әлеуетті инвестор үшін кәсіпорынның жағдайын талдау;
  • Аудиторлық машықпен үйлесімді консалтинг және басқада аудитке ілеспе қызметтер.

БІЗДІҢ ҰЙЫММЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ -БҰЛ БУХГАЛТЕРЛІК, САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЕСЕПТЕМЕСІНДЕ ТИЯНАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘРТІП.

САПАЛЫ АУДИТ – БҰЛ СІЗДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ

Аудиттің маңызды қағидаларының бірі адалдық– осында бұл сөзге біз екі әріптен тұратын- АР сөзін қосамыз.

Осы Ар сөзінен басталатын аудиторлық ұйымның атына қарап клиенттер осы ұйымда жұмыс істейтін қызметкерлердің мінезіне баға бере алады.

Адалдық пен ұқыптылық – аудиторлық ұйымның қызметкерлері әрдайым турашыл және адал болуы қажет, олардың өз міндеттерін абыроймен орындауы керек, әсіресе кәсіби аспектілерде.

Бейтараптық және әділдік – қызмет көрсету барысында қызметкерлер әділетсіздікке жол бермеуі керек, және әділ шешім шығаруға зиянын тигізетін алдын ала пішілген пікірлер мен бұрмалағыштық, мүдделер қақтығысы немесе басқа факторларға да жол бермеуі қажет. Осындайда жақсы нық сеніммен айтылатын бір ұғым бар: Қай жерде бейтараптық пен әділдік болса, сол жерде сенім болады!

Кәсіптік құзыреттілік. Бұл терминге біз дәлдік сөзін қосамыз, сонымен қатар әрдайым кәсіби тұрғыда дамуға ұмтылыс. Осы қағидалар, заңнама мен әдістемеде жасалған соңғы жаңалықтарды ескере отырып осылардың негізінде, сапаны тиісті деңгейде қаматамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз осы сөздердің шынайылығына сенеміз: «Сіз өзіңіздің бүкіл қабілетіңізді салған кезде ғана, табысқа қол жеткізе аласыз» және сол себепті біз әрқашан кәсіби тұрғыда өсуге ұмтыламыз.

Құпиялылық – біздің ұйым кәсіби қызмет көрсету кезінде алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтау қағидатын ұстанады. Біз арнайы рұқсатсыз клиенттеріміздің құпия ақпаратын пайдаланбаймыз және жария етпейміз. Тек ерекше бірыңғай жағдайда – бұл құпиялылықты ашу қатысты заң немесе кәсіби құқықтар немесе міндеттемелер талап еткен жағдайда ғана орын алуы мүмкін.

Кәсіби қылық – біздің іс-әрекеттеріміз әрқашанда біздің мамандығымыздың атына кір келтірмеуге және жақсы пікір қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан біз аудиторлық қоғамдастықтың беделін түсіретін кез-келген оқыс қылықтан сақтанамыз және жол бермеуге тырысамыз.

Тексерулер барысында, этикалық нормалар мен стандарттарға қатаң сәйкестік көрсете отырып, сонымен қатар аудитор қарапайым адамның ар-ұятына сай әрекет етуі қажет, сондай-ақ Клиенттің оған деген ерекше сенімі туралы ұмытпауы қажет.

Б.з. I ғасырында Публий Сир былай айтқан:

Беделіңнен бұрын ар-ұят туралы көбірек ойла.
Ең жақсы бақылаушы – бұл ар-ұят!

Кеңес дәуірінен:

Ар-ұят – бұл жаратылысымыздан бойымызға туа біткен білім.
Гюго В.

Ар-ұят сенің досың сияқты: ол алдын ала ескертеді, сот секілді бірден жазаламайды.

Фонвизин Д.

Ар-ұят – бұл ішкі намыс, ал намыс – бұл сыртқы ар-ұят.

Шопенгауэр А.

Ар-ұят мәселелерінде заңның көпшілігі іске аспай қалады.

Ганди М.

Мемлекеттік мүдделер талап етсе де, ешқашан ар-ұятты таптамаңыз, қарсы әрекет жасамаңыз.

Эйнштейн А.

Мемлекеттік заңдармен қатар, заңнамадағы кемшіліктерді толтыратын ар-ұят заңдары бар.

Филдинг Г.