Қызмет

Серпінді дамып келе жатқан «Ар-Аудит» аудиторлық ұйымы тек 1999 жылы жұмысын бастады, әрине басқа аудиторлық компаниялардың тарихымен салыстырғанда біздің ұйым жас, бірақ өте жетілген деуге болады.

Қазақстандық аудиттің қалыптасуы жаһандық заңнамалық өзгерістер кезеңімен және есепке алу реформаларын жүзеге асырумен тұспа-тұс келді. Осыған және еліміздегі басқа да факторларға байланысты «Аудитор-Клиент» арасындағы қарым-қатынас бірінші кезекте салықтық тәуекелдерді анықтау үшін «Өртке қарсы көмек» нұсқасы ретінде қалыптасты. Аудиторлық компаниялардың көмегіне жүгінген клиенттер фискалдық органдар алдында өздерінің аудиторларына қорғаушы ретінде қарады.

Бақытымызға орай, соңғы жылдары біздің республикамыздағы аудит деңгейі көтеріліп, өзінің басты мақсатына жақындап келеді – бұл дегеніміз тәуелсіз бағалау және қаржылық есептіліктің сенімділігін растау. Мұндай аудитрлік тексерулерді қаржы есептілігін талап ететін және құзыретті пайдаланушылар, кәсіпорын иелері, әлеуетті инвесторлар, сатып алушылар және басқа қаржы институттары сұратады. Қазіргі таңда аудиттерді өткізу тәртібін ұйымдастыру өзгеріп жатыр: бухгалтерлік баланс жабылған кезде, аудиторлардың кәсіпорынға бір рет барып келіп, түпкілікті шоттарды растау енді жеткіліксіз; қазіргі уақытта клиенттер 2 кезеңнен тұратын тексеріске тапсырыс береді, бұл бизнес-шаруашылық операцияларын дұрыс көрсетпеу жағдайларын едәуір азайтады, сондай-ақ аудиттің бірінші сатысында анықталған бұзушылықтарды дұрыстауға немесем жоюға уақыт береді.

Біздің ұйымның клиенттерінің қойған сұрақтарын талдап қарасақ, бүгінгі әлеуетті клиент аудитке ілеспе қызметтерге барынша мүдделі екенін айта аламыз. Клиенттердің тілектеріне – қалауларына жауап бере отырып, біздің ұйым аудиторлық тәжірибемен үйлесетін қызмет түрлерін айтарлықтай арттырды.

Біз қазіргі, әлеуетті клиенттерімізге, әріптестеріміз бен серіктестерімізге, біздің ұйым Қазақстанда өркениетті аудиттің дамуына үнемі жағдай жасайтынына және өзінің зор үлесін қосатынына кепілдік береміз.