Қызметшілер

Аудиторлық ұйымның қызметкерлері аудит, бухгалтерлік есеп, салық салу және қаржылық талдау саласында мол тәжірибесі бар мамандардан құралған. Негізгі қызметкерлер аудиторлық және әр-түрлі халықаралық сертификаттар мен дипломдарды иеленген жетекші мамандардан тұрады.

2007-2008 жылдары біз үш аудиторлық ұйымдардың қызметкерлерін біріктірдік, сонымен қатар бірегей тәжірибе мен білім жинақтадық, осының бәрі бүгінгі таңда біздің ұйымға күрделі аудит жүргізуге және оны кез-келген көлемде орындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ар-Аудит» ЖШС орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатады, ал олардың қызметкерлер саны бойынша ШОБ субъектілеріне теңестіріледі. Аудит және аудитке ілеспе қызметтер саласында жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес үшін кадрлар құрамы кәсіби қызмет көрсетудің маңызды құрамдастарының бірі болып табылады.

Қызметкерлер үшін аудиторлық ұйым келесі мәселелерді қарастырады:

  • Жалдау;
  • Жұмыс нәтижелерін бағалау.
  • Кәсіби ептілік;
  • Кәсіби біліктілік;
  • Кәсіби өсу;
  • Лауазымын жоғарылату;
  • Ынталандыру.
  • Қызметкерлердің қажеттілігін бағалау.

Жоғарыда көрсетілгендер параметрлер аудиторлық ұйымға келісімдер бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру үшін, қажетті қызметкерлердің санын және сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Аудиторлық ұйымның жұмысқа қабылдау үдерісі ұйымның жұмысын орындау үшін, қажетті біліктілігін және кәсіптік құзыреттілігін дамытуға қабілеті бар лайықты қызметкерлерді таңдауға көмектесетін рәсімдерді қамтиды.

Ұйымдағы стандарттар ептілік пен кәсіптік құзыреттерді келесі жолдармен дамытуды ұсынады:

Кәсіптік білім алу;

Үздіксіз кәсіби дамыту, соның ішінде оқыту;

Жұмыс тәжірибесі;

Тәжірибелі қызметкерлердің, мысалы, жоба командасының, басқа мүшелерінің үйретіп оқытуы.

Аудиторлық ұйымының қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін ұдайы дамытуы, негізінен, өз біліктілігін жоғарылатудың тиісті деңгейіне байланысты, бұл қызметкерлердің білімі мен дағдыларын сақтауын қамтамасыз етеді.

Осылайша, СҚХС №1 стандартына сәйкес, біздің аудиторлық ұйым өзінің барлық саясатында және ішкі тәртіпті белгілейтін рәсімдерде, қызметкерлерді үздіксіз оқыту қажеттілігіне үлкен көңіл аударады, кадрларды даярлауға және кәсіби дағдылар мен кәсіби құзыреттілікті дамытуға және сол деңгейде ұстап тұруға көмектесу үшін, қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді.

Экономикадағы орын алатын дағдарыс құбылыстары, аудиторлық ұйымдарға қойылатын жоғары талаптарды қоса алғанда, кез-келген шағын немесе орта аудиторлық ұйымның қызметін бизнес-стратегияға сәйкес тиісті түрде дамытуға мүмкіндік бермейді, сондықтан басшылық кәсіби біліктілікті сақтау және кәсіби қызметтерді көрсету дағдыларын қолдау үшін, қолдағы бар мүмкіншіліктермен барлық шараларды қолданып келеді.

Біздің қызметкерлеріміздің жұмысын бағалау үшін, кем формалды әдістерді қолданамыз, бірақта халықаралық стандарттармен қойылатын жоғары талаптарға сәйкестікті сақтауға тырысамыз!