Ілеспелі аудит қызметтері
Салық есебінің аудиті (салықтық аудит)
Салықтық аудиттің объектісі экономикалық субъектінің бухгалтерлік және салықтық есебі болып табылады, сонымен қатар салықтық регистрлар, келісім – шарттар және басқа құжаттар.
Салықтық аудит 3 негізгі мақсатты көздейді:
- Төленуге тиісті салық мөлшерін есептеудің дұрыстығын анықтау;
- Салық және жинау бойынша заң актілерін бұзуға байланысты айыппұл санкциясы мен талап қою мүмкіндігін ескерту;
- Клиенттер басшылығына мекеме – клиентке салық салуды әрі қарай ұтымды жүргізудің ақпаратын ұсыну.
Салықтық аудитті жүргізу кезінде келесі мақсат іске асырылады:
- Салықтық аудит міндеттемесінің есептелінген және төленетін салық заңы нормаларына сәйкестігі;
- Салық салудың ұтымдылығын арттыру және жоспарлау;
- Қаржылық – шаруашылық қызметті іске асыру кезеңіндегі салық салу мәселесін диагностикалау;
- Салық төлемдерін есептеу методикасына анализ жасау және бірлескен құрылым мен контрагенттермен құқылық қатынасын ескере отырып салықты жеңілдетуді пайдалану;
- Декларация құрастырудың және клиенттің төленетін салықтық барлық немесе жекелеген түрлерін есептеудегі дұрыстығын тексеру.
Осы жағдайда салықтық аудит кезінде бағаланады:
- Экономикалық субъектінің салықтық есеп жүргізуінің құжаттар және ҚР-сы салықтық есеп құрастыру мен салықтық есептеуді жүргізуді реттейтін тәртіптің нормативтік актілеріне сәйкестігі;
- Экономикалық субъектінің салықтық есебінің бастапқы есеп алу көрсеткіштеріне және аудиторлық ұйымының тексеру барысындағы субъект қызметі туралы мәліметтеріне сәйкестігі;
- Салықтық есептеуде табылған бұрмалаушылықтың қаржылық зардабы және оны жоюдың жолдары;
- Субъект қолданған салықтық есепке алу методикасына өзгерістер енгізу кажеттігі.