Бос орындар

Біз негізгі қаржылық, бухгалтерлік және заң терминдері мен ұғымдарын толық меңгерген, ҚР-сы заң актілерін, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, есеп құрастыру, қаржылық анализ, аудит, салықсалу, шарушылық саласындағы әдістемелік және басқа да нормативтік материалдарды еркін меңгерген мамандарды бірлесіп қызмет істеуге шақырамыз.

Біз өз мамандарымыздың кәсіби шеберлігінің өсуіне қажетті және жұмысы мен жеткен нәтижесіне барынша қанағаттанатындай еңбек жағдайын жасаймыз.

Біздің түпкі мақсатымыз – клиенттерімізді жоғары сапалы қызметпен қамтамасыз ету. Бұл аудиторлық ұйымда өз кәсіби деңгейін үнемі көтеруге және аудиторлық еңбек пен консалтингтік қызмет көрсету саласында мансапқа жетуге талпынатын құзырлы білім мен жеткілікті тәжірібиесі бар кәсіби мамандар болғанда ғана мүмкін болады.

Бухгалтер – аудитор

Үміткерге қойылатын талаптар:

  • Жоғары экономикалық білім;
  • Бухгалтер, салықтық инспектор, тексеруші, ішкі аудит саласындағы жеткілікті жұмыс тәжірибесі;
  • Топқа басшылылық жасау тәжірибесі (2-7 адам);
  • Бухгалтерлік есепке алу, салықтық және азаматтық заң актілері бойынша нормативтік құжаттарды білуі;
  • Іссапарға шығу мүмкіншілігі;
  • Компьютерді еркін меңгеруі (MS Office, мәліметтер базасының заңдылығы, 1-С “Бухгалтерия”);
  • Белсенділік, қарым-қатынас жасай білу, топта жұмыс істей білуі;
  • Жас мөлшері есепке алынбайды.

Уақытша бос орын жоқ

Аудитордың көмекшісі

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жоғарғы экономикалық немесе құқықтық білім;
  • Аудит немесе бухгалтерия саласындағы жұмыс тәжірибесі (бір жылдан артық);
  • Іссапарға шығу мүмкіншілігі, белсенділік, қарым-қатынас жасай білу;
  • Компьютерді еркін меңгеруі;
  • 30 жасқа дейін.

Уақытша бос орын жоқ

Мамандарды іріктеу конкурстың негізде жүргізіледі.
Әңгімелесу нәтижесі бойынша лайықты еңбекақы.
Фирмаішілік оқыту, мансапқа жетудің үлкен болашағы.

Конкурстан табысты өту үшін, Сізге:

1. Бос орын көрсетілген өз резюмеңізді электрондық адреске немесе факс арқылы жіберу.
2. Бухгалтерлік есепке алу, салық салу, аудит және құқықтық біліміңізді тексеру тестінен өту.
3. Әңгімелесуден өту.

Телефон: +7 (7172) 48 73 10


E-mail: astana@araudit.kz